Алматы қаласында Халық Қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтың рухын ардақтау мақсатында қала студенттері арасында ерекше патриоттық челлендж өтті. Шараның басты мақсаты – ерлік пен елдік мұратты ұрпақ санасына сіңіру, жастарының отансүйгіштік рухын күшейту.
Челлендж барысында түрлі жоғары оқу орындарының студенттері Қайрат Рысқұлбековтің жүрекжарды жырларын жатқа оқып, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Жастардың әсерлі мәнері, өлең жолдарын сезіммен жеткізуі көрермендерді тәнті етті. Әсіресе Қайраттың еркіндікке, әділдікке деген мұратын айқын көрсететін туындыларын оқу сәттері челлендждің ең әсерлі бөлігіне айналды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған шара жастардың тарихи тұлғаларға деген құрметін арттырып қана қоймай, олардың рухани дүниесін байытуды көздейді. Челлендж әлеуметтік желілерде де кеңінен таралып, қала жастары бірінен бірі қолдап, эстафетаны жалғауда.
Қайрат Рысқұлбеков есімі – ерлік пен қайсарлықтың символы. Осындай бастамалар оның мұрасын жас ұрпаққа терең танытып, жүректерге жігер береді.
Social project management орталығы
















