Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен “Азаматтық борыш” жобасы аясында экскурсиялар өз мәресіне жетті. Экскурсиялар “Мәңгілік даңқ” мұражайында өтті. Әр экскурсияға 2 топ студенттер қатысты, жалпы алғанда 10 колледж экскурсияны тамашалады. Олар: Алматы заң колледжі, Алматы қаржы-экономикалық колледжі, ALT педагогикалық колледжі, № 2 Алматы мемлекеттік гуманитарлық педагогикалық колледжі, Алматы құрылыс және менеджемент колледжі, Алматы темір жол және логистика колледжі, Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжі, Алматы мемлекеттік политехникалық колледжі, Қазақ автомобиль-жол институтында, Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің колледждерінің студенттері қатысқан болатын.
Әр колледжге 1 сағат көлемінде экскурсия жүргізілді. 2 қабаттан тұратын мұражайға стундеттерді топ-топпен бөліп кіргізіп, және де 2 экскурсия жүргізуші әр топты мұражаймен таныстырды. Колледждегі студенттерге жауапты әр топ өздерінің алғашқы әскери дайындық сабағынан беретін ұстаздарымен бірге келді. Экскурсияға қатысқан колледж студенттері сұрақ қою арқылы өздеріне керекті жауаптарын алды. Мұражайындағы көне жәдігерлерді көріп, тарихты терең оқуға ынталары ашылды. Соғыс кезіндегі жәдігерлермен суретке түсіп, өздеріне үлкен естелік қалдырды. Әр экскурсия студенттерге ерекше әсер қалдырды. Экскурсия барысында сұрақ-жауап алмасу арқылы көптеген тақырыптар талқыға түсті. Ұйымдастырылу жоғарғы деңгейде өтті. Қос тараптың да көңілі толды. Экскурсияның жалпы мақсаты жас ұрпақ сол кездегі бізге бейбітшілік, ашық аспан және де тыныштық заманды бізге сыйлаған батырларымызды есінен шығармай, осы бейбіт таңның бізге қалай жеткенін ұғынса дейміз. Шынымен де батырларымыздың өмірі, батырлығы, қайсарлығы бізге үлгі.
«Social project management» орталығы