Ғасырлар өткен сайын әлем елдері қарыштап алға қарай дамып, өркениеттің биік шыңдарын бағындырып келе жатыр.Әсіресе 20-21 ғасырларда адам баласы ғажайып жетістіктерге жетіп, солардың игілігін бүкіл адамзат көріп отыр.Солардың бірі де бірегейі – цифрландыру жүйесінің күнделікті өмірімізге еніп, дәстүрлі қажеттілікке айнала бастауы десек артық емес. Қысқаша шолу жасасақ: Қазақстан Республикасында цифрландыру жүйесін 2017 жылдан жүзеге асыра бастады.
Қазақстанның үкіметі мен мемлекеттік органдары ұзақ мерзімді экономикалық өсімді анықтауда қоғамды ақпараттандырудың және цифрлық технологияларды дамытудың маңыздылығын түсіне отырып, осы саланы дамытуға мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі ретінде қарастырады.
Бүгінгі таңда әлем елдерінің өмірінде цифрлық технологияның дамуы шешуші рөл атқарады. Ол экономиканың барлық саласын қамтыған, онсыз ілгерілеу жоқ. Өркениет көшбасындағы мемлекеттердің барлығы дерлік сандық жүйеге ертелі-кеш көшіп алған. Қазақстан да тәуелсіздік алғаннан бергі 30 жыл ішінде бұл бағытта біршама табысқа қол жеткізді.
Атап айтқанда, Қазақстан бірінші болып мектептерді жаппай компьютерлендіру ісін қолға алды. Сондай-ақ, компьютерлер түрлі мекеме-ұжымдардың кеңселерінде, жекелеген үйлерде пайда болып, негізгі ақпараттық құрал ретінде қолданыла бастады. Содан бері компьютер, ноутбук, планшеттермен смартфондар өмірімізде үйреншікті дүниеге айналды.Қысқаша айтар болсақ: бүкіл әлемнің, еліміздің тыныс тіршілігі алақанымызда тұрғандай…Қазіргі таңдағы әрбір азамат қолындағы смартфон, планшет ноутбук арқылы әлемнің кез келген мемлететінің ахуалын біліп, қалаған қашықтықтағы қажетті компаниямен немесе түрлі мемлекеттік құрылымдармен байланысқа шығып, шаруаларын онлайн түрде шеше алатын дәрежеге жетті.
Жалпы, елімізде ақпараттық технологияларды мемлекеттік секторға ендіру жұмыстары осыдан 10 жыл бұрын сәтті басталған. Мәселен: eGov жүйесі немесе Қазақстанның электронды үкіметі. Бұл жүйенің көмегімен бүгінде жүздеген операцияны компьютер алдында отырып-ақ жүргізуге болады. Кез келген қазақстандықтың үйде отырып құжат рәсімдеу, коммуналдық қызмет түрлерінің ақысын, салық, айыппұл, сақтандыру және өзге де қызмет түрлерін төлеуге мүмкіндігі бар. Сондай-ақ онлайн сауда нарығы дамып келеді. Осы уақыт ішінде Қазақстандағы цифрландыру жүйесі едәуір өскенін байқауға болады.
Мессенджердегі қарым-қатынас, онлайн төлемдер, электрондық қызметтер – осының барлығы заманауи адамның күнделікті істерінің бір бөлігі болып табылады. «ЦифрлықҚазақстан» мемлекеттікбағдарламасынқабылдайотырып, қазақстандықтардыңөмірінеқарқындыенгенцифрландыруэкономиканыңжаңамоделінжасайды, онда тек базалықсалалар мен бизнес қанаемес, соныменқатарқоғамныңбүкілөмірі де цифрленген.
Мысалы, eGov.kz электрондық үкімет порталы азаматтардың мемлекеттік қызметтерге жылдам қол жеткізуі үшін жұмыс істейді. Бұл – өтініштер беру, анықтамалар алу, лицензиялар алу, есепке қою, тіркеу және басқа да операциялар сияқты қызметтер мен сервистер. Мемлекеттік органдар, сондай-ақ басқа да көптеген ұйымдар, мысалы, банктер мен почта, қағаз құжат айналымынан құтыла отырып, өз жұмысын электрондық форматқа ауыстырады. Бірақ, барлық азаматтар жаңа технологияларды пайдалана алмайды. Оны шешу үшін халықты үйреншікті қызметтерді жаңаша пайдалануға үйрету қажет.
Ең алдымен, «цифрлық сауаттылық» терминінің бірыңғай түсінігін анықтау қажет. Қарапайым тілмен айтқанда, бұл – адамның күнделікті өмірде және жұмыста ақпараттық технологияларды қолдана білуі.
«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасында жүзеге асырылуы тиіс 4 бағыт тасқа таңба қылып басылғандай айқын көрсетілген. Бірінші бағыт – ауыл-аймақты кеңжолақты интернетпен қамтамасыз етіп, Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыру. Екінші бағыт – экономиканың салаларына (көлік және логистика, денсаулық сақтау, білім беру, ауыл шаруашылығы және электронды сауда) цифрлық технологияны ендіру. Үшіншісі – мемлекеттік органдар жұмысының сапасын арттыру және төртінші бағыт – IT мамандарды даярлау.
Цифрлы экономика, атап айтқанда жаңа мүмкіндіктердің пайда болуы, әрине, адам өміріне позитивті әсер етеді.Цифрлы технологияларды дамытудың арқасында тұтынушы өзіне қажет қызметтерді жылдам ала алады, арзан бағамен интернет-дүкендерде өнімді сатып алу арқылы ақша үнемдейді. Сонымен қоса, кітаптың электронды нұсқасы да адамдарға басып шығарылған аналогынан бірнеше есе арзанға түседі. Интернеттен көтерме бағамен сатып алу кезінде, басқа тұтынушылармен келіссөздер жүргізу арқылы азаматтар оффлайн сауда нүктелерінде сатып алулардан көрі көбірек үнемдейді. Осылайша, тұтынушы интернеттегі бизнесті бастап, үйінде отырып кәсіпкер бола алады.
Қазақстанда мемлекеттік қызмет көрсету, білім беру, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау ,кәсіпкерлік салаларында цифрландыру жнйесі қарқынды дамып келеді.Алдағы уақытта күнделікті өміріміздің барлық салалары сандық жүйеге көшіп, өркениетті елдердің алдыңғы легіне қосылуға мүмкінді зор сияқты.Бүгінгі таңда цифрландыруғажаппай көшу үрдісі әлі де жалғасуда. Соған қарамастан азаматтардың едәуір бөлігі әлі де болса сандық жүйені толық меңгеріп кете алмай отыр.Бұған себеп: біріншіден халықтың тарапынан цифрлы қызмет көрсету жұмыстарны өз беттерінше меңгеруге мән бермеуі болса, керісінше осы қызмет көрсету саласының түрлі жұмыстарын пайдалануда оны меңгеруге білімнің жетіспеушілігі әсер етіп отырғаны рас. Сондықтан да алдағы уақытта азаматтарды арнаулы мекемелерде цифрлы қызмет көрсету салаларын сауатты пайдалануға үйрететін арнаулы жедел кеңес беру немесе оқыту орындары көптеп ашылып, қарапайым халықтың сандық жүйенің қыр-сырын жан-жақты меңгеруіне басымдық берсе артық болмас еді…
«Бәрін айт та бірін айт…» демекші, ендігі негізгі мәселе, аталмыш сандық жүйенің түрлі салаларының жұмысын тоқтаусыз жүргізудің бірден- бір қозғаушы күші – интернеттің сапасы мен құны туралы бір-екі ауыз ұсыныстар мен әттеген-айлар туралы болмақ.Қазіргі кезде Қазақстанда интернет қызметтері мен мобильдік операторлардың қызметтерін халыққа ұсынып, соның есебінен қыруар пайдаға кенеліп отырған монополистердің жұмысына кәдімгідей сын ескертпелер айтуға болады.Мәселен, Қазақстан — Байқоңыр сынды ғарыш айлағы бар, сол ғарыш арқылы космостық байланыстың есебінен әжептәуір пайда тауып отырған мемлекет. Жалпақ тілмен айтсақ: Қазақ Елі ғарыш қақпасының қожайыны екенін бүкіл әлем біледі. Бұл да бір Алланың елімізге, халқымызға берген үлкен сый-сияпаты, несібесі екеніне ешкімнің де дауы жоқ!Өкінішке орай, сол ғарыш айлағы арқылы тарайтын интернет пен мобильдік байланысты таратушы операторлардың «халықтың өз бидайын өзіне қуырып беріп», шаш етектен пайда тауып отырғанын біреу білсе, біреу білмейді.Бүгінде интернет пен мобильдік қызмет операторларының саны да, ұсынатын тарифтері де тым көбейіп кеткен. Көп болған сайын, нарық заңы бойынша құны арзандаудың орнына күн сайын шарықтап өсіп барады.Ал, қарапайым тұтынушының қоңыр қалтасын аяусыз қағып отырған монополистерді тәубесіне келтіріп, жөнге салатын антимонополистік комитет бар маекен бізде? Бар болса оның жұмысын дұрыс жолға қоятын кез келгенжоқ па?! Жаңа Қазақстан құрамыз деп бүкіл әлемге жар салдық.Олай болса, жаңа бастамаларды осындай әлеуметтік мәселелерді тиімді шешуден бастаған абзал болар еді.Менің жеке азаматтық көзқарасым бойынша, Қазақстандағы интернет құны,мобильдік қызмет операторларының ұсынатын құны салыстырмалы түрде өте қымбат. Ол алдағы уақытта мемлекеттік деңгейде шешілуге тиісті. Ширек ғасырдан бері Байқоңырдан ұшқан сансыз ракеталар мен ғарыш кемелерінің қалдырып жатқан экологиялық зардаптарының ащы дәмін татып, денсаулығына кері әсер алып отырған қазақтар мен қазақстандықтар үшін интернет пен мобильдік қызмет құнын қолжетімді,өте арзан бағамен ұсыну – нағыз Жаңа Қазақстанға тән, дұрыс шешім болары сөзсіз.Мұндай құрметке біздің дана халқымыз әбден лайықты. Алладан сый-сияпат, несібе болып бұйырып, аталарадан аманат болып жеткен туған жеріміздің барлық қазынасы халқымыздың игілігіне бұйырсын…Қазақ Елі сандық жүйе дәуірінде де гүлденіп, әлемнің алдыңғы қатарлы дамыған, өркениетті елдерінің көшімен бірге алға жылжи берсін!…
Жаңабек Тойбазаров
Алматы