Ағымдағы жылы қараша айының 2 күні Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының «Салауатты өмір сүру» жобасы аясында «Social project management орталығы» қоғамдық қоры ұйымдастыруымен Алматы қаласында, Қазақстан-Ресей медициналық университетінде 1-курс студенттері арасында «Лудоманияның салдары, себептері мен симптомдары» атты семинар-тренинг өтті.
Данышпандар «Ісіңді түзетсең әдетіңе, әдетіңді түзетсең мінезіңе, мінезіңді түзетсең тағдырыңа айналады» деген. Елдің келешегі кемел болу үшін, бүгінгі жастардың ісі түзу болу керек. Дұрыс жолды таңдап, қоғамға пайдалы іспен айналысу әр адамның қолынан келеді. Тек басына түскен қиыншылықтарды көтере алмай, сынып кетпей әр істің байыбына барып шешім қабылдау керек.
Құмар ойыны бүгін бір күндік ісіңді кері кетірсе, болашақта отбасыңды бұзады. Отбасынан айырылып, бүкіл мүлкін ойынға тіккен адамдардың тағдыры да басқаша. Сол себепті аз уақыттық арзан күлкіге алданбай, жоспармен нақты мақсатқа қарай жүру керек.
Білік пен білім ғана алға жетелейтінін тілге тиек ете отырып, бәсекеге қабілеттідіктің бастамасы әр жастың өзінен басталады. Психологтың сөзіне жастар қосылып, өз ойларымен де бөлісті.