Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының «Тілге құрмет – елге құрмет» жобасы аясында «Social project managment» орталығы қоғамдық қорының ұйымдастыруымен семинар-тренинг, кездесулер өтті.
Еліміз тәуелсіздік алғалы бері төл тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болып, қолданыс өрісі кеңейді. Қазіргі таңда өнер, әдебиет, мәдениет, баспасөз, радио, теледидарымыз 90 — жылдарға қарағанда әлдеқайда «қазақша сайрап тұр» десек болады. Бұл біздің мемлекеттік тіліміздің мәртебесінің асқақтағаны, Бұл осы уақытқа дейін барлық мүмкін болар оңды — солды жағдайды жете бағамдай отырып жүргізілген мемлекеттік тіл саясатының нәтижесі.
Қоғамда қазақ тілінің мемлекеттік дәрежесін нығайту еліміздің саясатының басты басымдығы болып қала береді. Қоғамда, мемлекеттік қолдау мүмкіндігі жоғары салаларда қазақ тілінің қолданыс аясы едәуір кеңейіп келе жатыр деп айтуға толық негіз бар. Қазіргі қоғамымызда жастардың белсенділігі жоғары. Жастарға баса назар аудару арқылы тіл саясатын жүргізу мол жемісін береді деп ойлаймын.
Осы бағытта «Тілге құрмет – елге құрмет» жобасы аясында мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру мақсатында бірнеше іс-шара өтті. Жоба аясында телеграм бот құрылып, кәсіпкерлік нысандардағы қателерді тауып, дұрыс үлгісі көрсетілді.
Алматы қаласындағы әр ауданда мониторингтік топ құрылып, сол топ мүшелері кәсіп иелерімен кездесу-тренингтер өткізді.