2022 жылғы 25 қараша, сағат 11.00-де Қазақстан Жазушылар Кітапханасында «Ashyq Alan» жобасы бойынша «Social project management» орталығының ұйымдастыруымен «Жастар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу мәселелері» атты дөңгелек үстел өтті.
Шараның модераторы — Social project management» орталығының директоры Бейбіт Молдахметұлы.
Кездесуге «Отбасы xрестоматиясы» қоғамдық қорының атқарушы директоры, мәдениеттанушы – Бағдат Құдияр, Әуезов ауданы Полиция бөлімінің аға инспекторы, полиция капитаны – Смаилова Зарина Анваровна, психолог- консультант – Амангелді Мейрамбекұлы, Мәскеу психология институтының магистрі – Раушан Дәулетқызы, психолог – Жәмила Айдос қонақ ретінде шақырылды.
Психолог мамандар жастар арасында өршіп тұрған проблемалардың алдын алу мақсатында ақыл-кеңестерін айтты. Жастар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыстық әрекеттердің артуы – қоғам дерті. Ойланбастан қылмысқа барып, өкініп жүрген жастар көп. Осындай оқиғалардың болдырмау үшін жастармен жиі кездесу өткізіп, дұрыс бағыт-бағдар беру керек.