Бүгінде мемлекет тарапы әскери борышын өтеп жүрген сарбаздарға заманауи талаптарға сай келетін қолайлы жағдай жасауға бар күшін салуда. Әскери қызметке қолайлы жағдайлар жасау – жауынгерлік дайындыққа көбірек көңіл бөлуге ынталандырады.
Ел тыныштығын күзетіп, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, қызмет атқарып жүрген сарбаздарымызға Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлеріне қарасты 44841 әскери бөлімінде мерзімді қызметтегі әскери қызметшілеріне модульдік казармалық үй жайының ашылу салтанаты өтті.
Бұл рәсімге Приозерск қаласының әкімі Сапар Сатаев, Приозерск гарнизонының Әскери прокуроры әділет полковнигі Арман Дармурзаев, Приозерск гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі әскери полиция бөлімшесінің бастығы майор Жалғасбек Айдынбеков және сарбаздардың ата-аналары қатысты.
Казармалық үй-жайдың ашылуы әскер қатарында жүрген сарбаздарды, әскери қызметшілерді қуантқаны рас. Заман талабына сай жабдықталған казармада сарбаздарға қолайлы жағдай жасалып отыр, — деді Приозерск қаласының әкімі Сапар Сатаев.
Шара барыында сондай-ақ келген қонақтар да жылы лебіздерін білдіріп, модульдік казарманың ашылуымен құттықтады.
Приозерск гарнизонының баспасөз
хатшысы Думан Жұмашұлы