Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Social project management» орталығы «Заң мен тәртіп: қоғамдағы медиацияның рөлі» атты конференция өткізді. Оған мемлекеттік органдардың, сот, бизнес, азаматтық сектор өкілдері, жастар, сонымен қатар жобаға үлес қосқан адамдар қатысты. «Парасат» орталығы директорының орынбасары, медиатор-тренер Мұхтар Адаев баяндама жасады.

Конференцияда Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында қоғамдағы медиацияның қызметі талқыланды.
Конференцияға «Құқық, медиация және келіссөз» ЖШС директоры, медиатор-тренер Аида Заманбекова, Алматы қаласының Қоғамдық кеңесінің сарапшысы Руслан Калиоллаев, Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың судьясы Гүлнар Бектұрғанова, Медеу аудандық сотының судьясы Айнұр Құмарова,кәсіпкер, меценат, Қазақстан Халқы ассамблеясының «Алғыс» төсбелгісінің иегері Дидар Құйқабаев, бизнесмен, Алатау ауданы ПБ ҚҚБ ЮПБ-нің бастығы, полиция капитаны Айза Нұрбек, Медеу аудандық ардагерлер кеңесіндегі медиаторлар тобының жетекшісі, медиатор, этникалық Қарабақ қақтығысының ардагері Жарас Боранбаев, «Аманат Заңгер» Медиация және құқық институты» РҚБ кәсіби медиаторы Асем Наурызбаева, Әуезов ауданы балалардың қорғау орталығының маманы Диляра Өмірзақова спикер ретінде қатысып, тақырыпқа сай арнайы сөз сөйледі. Сонымен қатар медицина, білім, АХАЖ, ҮЕҰ өкілдері, медиаторлар, студенттер, қала тұрғындары конференцияның қонағы болды.

Конференцияны ұйымдастырған «Social project management» орталығы жыл басынан бері медиация институтын дәріптеу және дауларды шешуге бағатыллған жоба аясында бірқатар іс-шаралар өткізді. Бүгінгі конференция осы жобаның қорытындысы еді.

«Social project management» орталығы















