Жаңаөзен қаласында, сондай-ақ Теңге, Қызылсай ауылдарында Маңғыстау облысынан Мәжіліске үміткер Киікбай Медеуов және Азамат Битан сайлаушылармен жолығып, бағдарламаларын таныстырды.
Кездесуде алдағы сайлауға қатысудың маңыздылығы айтылды. Жергілікті тұрғындар үміткерлерге сұрақтар қойды.
— Сайлауға міндетті түрде барып, дауыс беріңіздер. Ол сіздердің құқықтарыңыз. Егер дауыстар ұрланбасын десек, әр адам өзі баруы керек. Балаларымыздың болашағы үшін баруымыз керек. Ең бастысы білімді, елдің мүддесін жоғары қоятын, партияда жоқ тәуелсіз қарапайым азаматтарға дауыс беріңіз. Мына мүмкіндікті жіберіп алмайық, — деді А.Битан.
Кездесулер әрі қарай өзге де аудан орталықтарында жалғасын табады.