«Қаһарман ұлт» жобасы аясында Еуразиялық технико-экономикалық колледжінде халық қаһарманы, Желтоқсан оқиғасының қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтың құрметіне қол күрестен колледжаралық турнир өтті. Жастарды ерлікке, батылдық пен бірлікке шақыруды мақсат еткен шараға қаланың 10 колледжінен 40 студент қатысты.

Жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар өз күштері мен шеберліктерін паш етті. Турнирдің марапаттау рәсіміне Желтоқсан көтерілісінің куәгері, Желтоқсаншы Жүрсін Тастекеев арнайы қатысты. Ол жастардың қайсар рухты дәріптеуі – елдің болашағы үшін маңызды екенін атап өтті.
Жарыс нәтижесінде:
1-орынды – Алматы темір жол көлігі колледжінің студенті Әсетұлы Рамазан,
2-орынды – Алматы сервис және технологиялар колледжінің студенті Дагестен Дәулет,
3-орынды – Инновациялық техникалық колледждің студенті Баубек Сағамбек иеленді.

Жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар табысталып, барлық қатысушыларға алғыс хаттар берілді.
Social project management орталығы
















