Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен “Social project management” орталығының ұйымдастыруымен «Қаһарман ұлт» жобасы аясында студенттер арасында Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтің құрметіне арналған бокс турнирі өтті.
Мамандандырылған жоғары спорт шеберлігі мектебінде өткен жарысқа 4 салмақ бойынша 64 боксшы қатысты. 54, 57, 60, 65 килограмм салмақтағы боксшылар жалпы қоры 1 миллион 400 мың теңге болатын жүлде қорын сарапқа салды.
2000 жылы Олимпиада чемпионы, 1996 жылғы Олимпиада ойындарының және 1997, 1999 жылғы әлем чемпионаттарының жүлдегері. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, Бокстан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ермахан Ибраимов пен «Желтоқсан» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Кенжебай Отарбаев бастаған желтоқсандықтар турнирге құрметті қонақ ретінде қатысты.

Бокс федерациясының ережесіне сай бір боксшы бір күнде бір жекпе-жектен артық өткізуге болмайтындықтан, турнир 4 күнге созылды. Бірінші күні іріктеу ойындары өтсе, екінші күні ширек финал, үшінші күні жартылай финал, төртінші күні ақтық финал өтті.
Жарысқа Қазақстан Республикасының жоғары дәрежедегі бокс төрешісі Сұлтан Туғамбеков бастаған төрешілер бригадасы қазылық жасады. Бокстан Қазақстан Республикасының спорт шеберлері Алияс Алтай, Әділет Қапезов, Вероника Головницкая, Зайра Касьянова шаршы алаңдаға былғары қолғап шеберлерін жан-жақтан бақылады.
Турнир қорытындысы бойынша төмендегі боксшылар жеңімпаз атанды.
54 килограмм салмақ:
1 орын. Құрманғали Алдияр
2 орын. Әбикен Ерхан
3 орын. Даулетов Дініислам
3 орын. Мұхтархан Мұстафа
57 килограмм салмақ.
1 орын. Әбілғабыл Аян
2 орын. Бейбіт Бекжан
3 орын. Қойшыбай Ернияз
3 орын. Ерали Саян
60 килограмм салмақ.
1 орын. Бимурат Ахат
2 орын. Ларов Эмир
3 орын. Ибрайханов Адильбек
3 орын. Ақназаров Айбар
65 килограмм.
1 орын. Әмірбек Темірлан
2 орын. Құсайынғазы Жігер
3 орын. Даулетиаров Дамир
3 орын. Қабидан Есбол
1 орын алғандар 150 мың теңгенің ақшалай сертификатын олжаласа, 2 орын алғандар 100 мың теңгенің ақшалай сертификаттарын еншіледі. Ал үшінші орын алғандардың әрқайсысына 50 мың теңгенің сертификаты бұйырды. Жеңімпаздарға сонымен қатар белдіктер мен медальдар табыс етілді.
“Social project management” орталығы
















