21 қараша күні №209 мектеп-гимназиясында Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен Халық Қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтың құрметіне арналған патриоттық өлең оқу байқауы өтті. Шараның мақсаты – жас буынға ерлік пен елдік рухын дәріптеу, отансүйгіштік сезімін қалыптастыру және оқушылардың көркемсөз оқу шеберлігін дамыту.
Байқауға қала мектептерінің оқушылары қатысып, Қайрат Рысқұлбековтың ерлігі мен тәуелсіздік жолындағы күресін жырлаған өлеңдерді жатқа оқыды. Қатысушылардың дауыс мәнері, көркем жеткізуі, сахналық мәдениеті және мәтінді шынайы сезіммен орындауы қазылар алқасымен бағаланды.

Үздік өнер көрсеткен оқушылардың еңбегі еленіп, байқау жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен және арнайы марапаттармен құрметтелді.
Іс-шара соңында ұйымдастырушылар мұндай патриоттық байқаулардың жас ұрпақтың азаматтық жауапкершілігін арттырудағы рөлін ерекше атап өтті. Бұл күн оқушыларға рух сыйлап, елжандылыққа үндеген әсерлі мерекеге айналды.



«Social project management» орталығы
















