Четверг, 29 мая, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Alatauinfo.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Саясат
  • Таным
    • Барлығы
    • Мәдениет
    • Руханият
    «АТАМҰРА» – АСЫЛ МҰРА

    «АТАМҰРА» – АСЫЛ МҰРА

    ӘЛ-ФАРАБИ ТҮРІК-ИСЛАМ РУХАНИЯТЫНЫҢ  БАСТАУЫ

    ӘЛ-ФАРАБИ ТҮРІК-ИСЛАМ РУХАНИЯТЫНЫҢ БАСТАУЫ

    Студент жастар Ұлы Отан соғысының тарихымен танысты

    Студент жастар Ұлы Отан соғысының тарихымен танысты

    Наставник-учитель, юрист, мыслитель…  С.С. Сартаев: «Мы живем в конституционном пространстве»

    Наставник-учитель, юрист, мыслитель… С.С. Сартаев: «Мы живем в конституционном пространстве»

    Ғарыш қақпасының қожайыны Қазақ Елі де көштен қалмайды

    ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫ РЕФЕРЕНДУМҒА БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСЫП ЖАТЫР

  • Қаржы
    МАРАТ АХЫЛБЕКОВ – МФО KMF БАНКІНІҢ ҮЗДІК ҚЫЗМЕТКЕРІ ӘРІ ЖЕТЕКШІСІ

    МАРАТ АХЫЛБЕКОВ – МФО KMF БАНКІНІҢ ҮЗДІК ҚЫЗМЕТКЕРІ ӘРІ ЖЕТЕКШІСІ

  • Сұхбат
    Марат Ахылбеков, Руководитель ТОО МФО KMF филиала города Шымкент: “Основные виды и классификации банковских рисков”

    Марат Ахылбеков, Руководитель ТОО МФО KMF филиала города Шымкент: “Основные виды и классификации банковских рисков”

  • Ұлттық бренд
  • Media
    • Фотогалерея
    • Видео
No Result
View All Result
Alatauinfo.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Саясат
  • Таным
    • Барлығы
    • Мәдениет
    • Руханият
    «АТАМҰРА» – АСЫЛ МҰРА

    «АТАМҰРА» – АСЫЛ МҰРА

    ӘЛ-ФАРАБИ ТҮРІК-ИСЛАМ РУХАНИЯТЫНЫҢ  БАСТАУЫ

    ӘЛ-ФАРАБИ ТҮРІК-ИСЛАМ РУХАНИЯТЫНЫҢ БАСТАУЫ

    Студент жастар Ұлы Отан соғысының тарихымен танысты

    Студент жастар Ұлы Отан соғысының тарихымен танысты

    Наставник-учитель, юрист, мыслитель…  С.С. Сартаев: «Мы живем в конституционном пространстве»

    Наставник-учитель, юрист, мыслитель… С.С. Сартаев: «Мы живем в конституционном пространстве»

    Ғарыш қақпасының қожайыны Қазақ Елі де көштен қалмайды

    ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫ РЕФЕРЕНДУМҒА БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСЫП ЖАТЫР

  • Қаржы
    МАРАТ АХЫЛБЕКОВ – МФО KMF БАНКІНІҢ ҮЗДІК ҚЫЗМЕТКЕРІ ӘРІ ЖЕТЕКШІСІ

    МАРАТ АХЫЛБЕКОВ – МФО KMF БАНКІНІҢ ҮЗДІК ҚЫЗМЕТКЕРІ ӘРІ ЖЕТЕКШІСІ

  • Сұхбат
    Марат Ахылбеков, Руководитель ТОО МФО KMF филиала города Шымкент: “Основные виды и классификации банковских рисков”

    Марат Ахылбеков, Руководитель ТОО МФО KMF филиала города Шымкент: “Основные виды и классификации банковских рисков”

  • Ұлттық бренд
  • Media
    • Фотогалерея
    • Видео
No Result
View All Result
Alatauinfo.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат Қоғам

Ғарыш қақпасының қожайыны Қазақ Елі де көштен қалмайды

alatau alatau
15.12.2022
Қоғам, Таным
0 0
0

Ғасырлар өткен сайын әлем елдері қарыштап алға қарай дамып, өркениеттің биік шыңдарын бағындырып келе жатыр.Әсіресе 20-21 ғасырларда адам баласы ғажайып жетістіктерге жетіп, солардың игілігін бүкіл адамзат көріп отыр.Солардың бірі де бірегейі – цифрландыру жүйесінің күнделікті өмірімізге еніп, дәстүрлі қажеттілікке айнала бастауы десек артық емес. Қысқаша шолу жасасақ: Қазақстан Республикасында цифрландыру жүйесін 2017 жылдан жүзеге асыра бастады.

Қазақстанның үкіметі мен мемлекеттік органдары ұзақ мерзімді экономикалық өсімді анықтауда қоғамды ақпараттандырудың және цифрлық технологияларды дамытудың маңыздылығын түсіне отырып, осы саланы дамытуға мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі ретінде қарастырады.

Бүгінгі таңда  әлем елдерінің өмірінде цифрлық технологияның дамуы шешуші рөл атқарады. Ол эко­номика­ның барлық саласын қамты­ған, онсыз ілгерілеу жоқ. Өркениет көшбасындағы мемлекеттердің бар­лығы дерлік сандық жүйеге ертелі-кеш көшіп алған. Қазақстан да тәуел­сіздік алғаннан бергі 30 жыл ішінде бұл бағытта біршама табысқа қол жет­кізді.

Атап айтқанда, Қазақстан бірінші болып мектептерді жаппай компьютерлендіру ісін қолға алды. Сондай-ақ, компьютерлер түрлі мекеме-ұжымдардың кеңселерінде, жекелеген үйлерде пайда болып, негізгі ақпараттық құрал ретінде қолданыла бастады. Содан бері компьютер, ноутбук, планшеттермен смартфондар  өмірімізде үйреншікті дүниеге айналды.Қысқаша айтар болсақ: бүкіл әлемнің, еліміздің  тыныс тіршілігі алақанымызда тұрғандай…Қазіргі таңдағы әрбір азамат қолындағы смартфон, планшет ноутбук арқылы әлемнің кез келген мемлететінің ахуалын біліп, қалаған қашықтықтағы қажетті компаниямен немесе түрлі мемлекеттік құрылымдармен байланысқа шығып, шаруаларын онлайн түрде шеше алатын дәрежеге жетті.

Жалпы, елімізде ақпараттық технологияларды мемлекеттік секторға ендіру жұмыстары осыдан 10 жыл бұрын сәтті басталған. Мәселен: eGov жүйесі немесе Қазақстанның электронды үкіметі. Бұл жүйенің көмегімен бүгінде жүздеген операцияны компьютер алдында отырып-ақ жүргізуге болады. Кез келген қазақстандық­тың үйде отырып құжат рәсімдеу, комму­нал­дық қызмет түрлерінің ақысын, салық, айыппұл, сақтандыру және өзге де қызмет түрлерін төлеуге мүмкіндігі бар. Сондай-ақ онлайн сауда нарығы дамып келеді. Осы уақыт ішінде Қазақстандағы цифрландыру жүйесі едәуір өскенін байқауға болады.

Мессенджердегі қарым-қатынас, онлайн төлемдер, электрондық қызметтер – осының барлығы заманауи адамның күнделікті істерінің бір бөлігі болып табылады. «ЦифрлықҚазақстан» мемлекеттікбағдарламасынқабылдайотырып, қазақстандықтардыңөмірінеқарқындыенгенцифрландыруэкономиканыңжаңамоделінжасайды, онда тек базалықсалалар мен бизнес қанаемес, соныменқатарқоғамныңбүкілөмірі де цифрленген.

Мысалы, eGov.kz электрондық үкімет порталы азаматтардың мемлекеттік қызметтерге жылдам қол жеткізуі үшін жұмыс істейді. Бұл – өтініштер беру, анықтамалар алу, лицензиялар алу, есепке қою, тіркеу және басқа да операциялар сияқты қызметтер мен сервистер. Мемлекеттік органдар, сондай-ақ басқа да көптеген ұйымдар, мысалы, банктер мен почта, қағаз құжат айналымынан құтыла отырып, өз жұмысын электрондық форматқа ауыстырады. Бірақ, барлық азаматтар жаңа технологияларды пайдалана алмайды. Оны шешу үшін халықты үйреншікті қызметтерді жаңаша пайдалануға үйрету қажет.

Ең алдымен, «цифрлық сауаттылық» терминінің бірыңғай түсінігін анықтау қажет. Қарапайым тілмен айтқанда, бұл – адамның күнделікті өмірде және жұмыста ақпараттық технологияларды қолдана білуі.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарлама­сында жүзеге асырылуы тиіс 4 бағыт тасқа таңба қылып басылғандай айқын көр­сетілген. Бірінші бағыт – ауыл-аймақты кеңжолақты интернетпен қамтамасыз етіп, Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыру. Екінші бағыт – экономиканың салаларына (көлік және логистика, денсаулық сақтау, білім беру, ауыл шаруашылығы және электронды сауда) цифрлық технологияны ендіру. Үшіншісі – мемлекеттік органдар жұмысының сапасын арттыру және төртінші бағыт – IT мамандарды даярлау.

Цифрлы экономика, атап айтқанда жаңа мүмкіндіктердің пайда болуы, әрине, адам өміріне позитивті әсер етеді.Цифрлы технологияларды дамытудың арқасында тұтынушы өзіне қажет қызметтерді жылдам ала алады, арзан бағамен интернет-дүкендерде өнімді сатып алу арқылы ақша үнемдейді. Сонымен қоса, кітаптың электронды нұсқасы да адамдарға басып шығарылған аналогынан бірнеше есе арзанға түседі. Интернеттен көтерме бағамен сатып алу кезінде, басқа тұтынушылармен келіссөздер жүргізу арқылы азаматтар оффлайн сауда нүктелерінде сатып алулардан көрі көбірек үнемдейді. Осылайша, тұтынушы интернеттегі бизнесті бастап, үйінде отырып кәсіпкер бола алады.

Қазақстанда мемлекеттік қызмет көрсету, білім беру, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау ,кәсіпкерлік салаларында цифрландыру жнйесі қарқынды дамып келеді.Алдағы уақытта күнделікті өміріміздің барлық салалары сандық жүйеге көшіп, өркениетті елдердің алдыңғы легіне қосылуға мүмкінді зор сияқты.Бүгінгі таңда цифрландыруғажаппай көшу үрдісі әлі де жалғасуда. Соған қарамастан азаматтардың едәуір бөлігі әлі де болса сандық жүйені толық меңгеріп кете алмай отыр.Бұған себеп: біріншіден халықтың тарапынан цифрлы қызмет көрсету жұмыстарны өз беттерінше меңгеруге мән бермеуі болса, керісінше осы қызмет көрсету саласының түрлі жұмыстарын пайдалануда оны меңгеруге білімнің жетіспеушілігі әсер етіп отырғаны рас. Сондықтан да алдағы уақытта азаматтарды арнаулы мекемелерде цифрлы қызмет көрсету салаларын сауатты пайдалануға үйрететін  арнаулы жедел кеңес беру немесе оқыту орындары көптеп ашылып, қарапайым халықтың сандық жүйенің қыр-сырын жан-жақты меңгеруіне басымдық берсе артық болмас еді…

«Бәрін айт та бірін айт…» демекші, ендігі негізгі мәселе, аталмыш сандық жүйенің түрлі салаларының жұмысын тоқтаусыз жүргізудің бірден- бір қозғаушы күші – интернеттің  сапасы мен құны туралы бір-екі ауыз ұсыныстар мен әттеген-айлар туралы болмақ.Қазіргі кезде Қазақстанда интернет қызметтері мен мобильдік операторлардың қызметтерін халыққа ұсынып, соның есебінен қыруар пайдаға кенеліп отырған монополистердің жұмысына кәдімгідей сын ескертпелер айтуға болады.Мәселен, Қазақстан — Байқоңыр сынды ғарыш айлағы бар, сол ғарыш арқылы космостық байланыстың есебінен әжептәуір пайда тауып отырған мемлекет. Жалпақ тілмен айтсақ: Қазақ Елі ғарыш қақпасының қожайыны екенін бүкіл әлем біледі. Бұл да бір Алланың елімізге, халқымызға берген үлкен сый-сияпаты, несібесі екеніне ешкімнің де дауы жоқ!Өкінішке орай, сол ғарыш айлағы арқылы тарайтын интернет пен мобильдік байланысты таратушы  операторлардың «халықтың өз бидайын өзіне қуырып беріп», шаш етектен пайда тауып отырғанын біреу білсе, біреу білмейді.Бүгінде интернет пен мобильдік қызмет операторларының саны да, ұсынатын тарифтері де тым көбейіп кеткен. Көп болған сайын, нарық заңы бойынша құны арзандаудың орнына күн сайын шарықтап өсіп барады.Ал, қарапайым тұтынушының қоңыр қалтасын аяусыз қағып отырған монополистерді тәубесіне келтіріп, жөнге салатын антимонополистік комитет бар маекен бізде? Бар болса оның жұмысын дұрыс жолға қоятын кез келгенжоқ па?! Жаңа Қазақстан құрамыз деп бүкіл әлемге жар салдық.Олай болса, жаңа бастамаларды осындай әлеуметтік мәселелерді тиімді шешуден бастаған абзал болар еді.Менің жеке азаматтық көзқарасым бойынша, Қазақстандағы интернет құны,мобильдік қызмет операторларының ұсынатын құны салыстырмалы түрде өте қымбат. Ол алдағы уақытта мемлекеттік деңгейде шешілуге тиісті. Ширек ғасырдан бері Байқоңырдан ұшқан сансыз ракеталар мен ғарыш кемелерінің қалдырып жатқан экологиялық зардаптарының ащы дәмін татып, денсаулығына кері әсер алып отырған қазақтар мен қазақстандықтар үшін интернет пен мобильдік қызмет құнын  қолжетімді,өте арзан бағамен ұсыну – нағыз Жаңа Қазақстанға тән, дұрыс шешім болары сөзсіз.Мұндай құрметке біздің дана халқымыз әбден лайықты. Алладан сый-сияпат, несібе болып бұйырып, аталарадан аманат болып жеткен туған жеріміздің барлық қазынасы халқымыздың игілігіне бұйырсын…Қазақ Елі сандық жүйе дәуірінде де  гүлденіп, әлемнің алдыңғы қатарлы дамыған, өркениетті елдерінің көшімен бірге алға жылжи берсін!…

Жаңабек Тойбазаров

Алматы

 

 

 

БөлісуTweetБөлісу
alatau

alatau

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...
Алматы қалалық «Alma CUP»  чемпионатының  БАСКЕТБОЛ ойындарының жеңімпаздары анықталды      

Алматы қалалық «Alma CUP»  чемпионатының БАСКЕТБОЛ ойындарының жеңімпаздары анықталды    

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

  • Танымал
  • Пікірлер
  • Соңғы жаңалықтар
Казахский национальный университет возглавляет мировые рейтинги научного цитирования

Казахский национальный университет возглавляет мировые рейтинги научного цитирования

27.09.2024
Ата-аналар арасында гаджеттер мен интернетке тәуелділікті анықтау және алдын-алу бойынша тәрбие жұмыстары (атауы қалай болады?)

Ата-аналар арасында гаджеттер мен интернетке тәуелділікті анықтау және алдын-алу бойынша тәрбие жұмыстары (атауы қалай болады?)

25.11.2022
ҚазҰУ-жалынды жастардың мекені,жарқын болашақтың кепілі

Менің таңдауым – ҚАЗҰУ!

16.11.2022
Геодезиядағы заманауи технологиялар

Геодезиядағы заманауи технологиялар

01.12.2023

Ағымдағы жылдың төрт айында облыс бойынша 500-ге жуық алаяқтық қылмыс тіркелген

0

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР САПАСЫ БАСТЫ НАЗАРДА

0

БИЫЛ «ЖАСТАР БАҒДАРЛАМАСЫ» АЯСЫНДА 857 ПӘТЕР ҮЛЕСТІРІЛЕДІ

0

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБ ОТЫРЫСЫНДА 9 ЖАҢА ЖОБА ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

0
Алматыда Көктемгі студенттер лигасы өтеді

Алматыда Көктемгі студенттер лигасы өтеді

22.04.2025
В Алматы пройдет Весенняя студенческая лига

В Алматы пройдет Весенняя студенческая лига

22.04.2025
Мини футбол турнирінің жеңімпаздары анықталды

Мини футбол турнирінің жеңімпаздары анықталды

21.04.2025
Заң мен Тәртіп: Алматы жастары ғимараттардағы есірткі жарнамаларын жойды

Закон и порядок: молодежь Алматы против наркотиков

27.02.2025
Facebook Twitter Instagram Youtube Telegram

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

E-mail: Alatauinfo.kz@gmail.com
Телефон: +7 747 435 2895
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, 6 микрорайон,дом 26, кв 16

© 2022 / Alatauinfo.kz-ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Саясат
  • Таным
  • Қаржы
  • Сұхбат
  • Ұлттық бренд
  • Media
    • Фотогалерея
    • Видео

© 2022 / Alatauinfo.kz-ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар сақталған

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In