Ағымдағы жылдың 3 қараша күні Алматы қаласы Алатау ауданы Л.Б.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол колледжінде «Жаңа Алматы жастары» жобасының аясында «Social project managment» орталығы қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Алматының шалғай аудандарында тұратын жастардың проблемалары бойынша онлайн/офлайн форматтағы кездесу өтті.
Шара аясында «Қаһарман ұрпақ қоғамдық қорының» директоры, запастағы штаб-сержанты, Арман Арынханов – әр ұлттың өзіне тән ұлттық құндылықтары болатындығын айтып және күні бүгінге дейін маңызын жоймай келе жатқан күн сайын өмірімізде айқын көрініс тапқан ұлттық тәрбие жөнінде жастарға айтып берді. Шараға қатысқан студенттер әр сөзді мұқият тыңдап, туындаған сұрақтарына жауап алды.
«Ұлы отан соғысының қаhарманы, батыр Бауыржан Момышұлының: «Тәртіпке бағынған құл болмайды» деген сөзі бар. Бұл сөз қазір көптеген әскери орындардардың ұраны. Қоғамда тәртіп бәрімізге ортақ, сол тәртіпке бағына отырып дамыған мемлекет құру біздің басты мақсатымыз» — деп қорытты өз сөзін Арман Арынханов.
Рухани-патриоттық бағытта дәріс тыңдаған қатысушылар спикер ойымен келісе отырып, өз ойларын да ортаға салды. Екі жақты кері байланыспен өткен кездесудің оқушыларға пайдасы мол болды.