Шығыстың атақты философы Әбу Насыр әл-Фарабидың есімімен аталған Қазақ Ұлттық Университеті Қазақстан Республикасындағы жетекші жоғарғы оқу орны болып табылады. Қазіргі уақытта еліміздің ірі білім және ғылыми орталығы болып саналады. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жастардың даму және оларды қолдау мақсатында іс-шаралар жүргізу және бағдарламалар әзірлеу керек екендігіне ерекше көңіл бөліп келеді, себебі мемлекеттің болашағы дәл осы жастар болып табылады. Жастар – кез келген мемлекеттің ең белсенді бөлігі, қоғамның қозғаушы күші. Сондықтан ел тірегі – жастар екенін әсте естен шығармаған абзал. Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруі жолында жастардың атқаратын рөлі зор. Қазақстанға білімді, креативті, сенімді жастар – өз Отанын дамыту үшін қызмет етуге дайын, болашақ көшбасшылар қажет. Алайда, мұндай ұрпақты тәрбиелеу үшін, ең алдымен, жан-жақты дамуға барлық жағдай жасалуы тиіс. Осылайша, осы бағытта білім беру бағдарламалары, тұрғын үймен қамтамасыз ету, жұмысқа орналастыру бағдарламалары іске асырылатын болады. Сондай-ақ, жастардың бастамалары мен инновациялық жобаларын қолдауға ерекше көңіл бөлінеді. Жоғарыда айтып өткен жайттарды ескере отырып Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті шәкірт тәрбиелеу жолында нақты мақсаттар мен жаңа жоспарларды іске асыруда. Біздің ЖОО-да сегіз түрлі студенттік ұйымдар президентіміздің бастамасын қолдай отыра, жұмыс атқаруда. Бұл университеттің академиялық саясаты, оқу үдерісі, дарынды жастарды қолдау, олардың мәдениет, экология, рухани тәрбие саласындағы ғылыми және волонтерлік қызметі. Сонымен қатар, бізде республикалық және халықаралық деңгейдегі шағын құрылымдар жүзеге асырылуда. Студенттерге бүгінгі таңда мемлекет, университет тарапынан үлкен қолдау көрсетіледі. Мемлекеттің келешегін қалыптастыратын-бәсекеге қабілетті, білімді жастар. Бүгінгі таңда біздің жас ғалымдарымыз, талантты өнерпаздарымыз елімізді халықаралық деңгейде танытуда. Шығармашылық индустрия-жаһандық экономиканың ең жылдам дамып келеді.Соңғы онжылдықта шығармашылық салалар қоғамның әлеуметтік және мәдени дамуына ерекше әсер етті. Осындай жайттарды ескере отыра университет оқытушылары қарқынды жұмыс жасап,білімдерін шыңдауда.Заман талабына сәйкес қызмет атқаруда.Университетте лайықты дәрежеде білім алуға тырысатын әр студент үшін керемет мүмкіндіктер жасалған.Ел ертеңі-білімді ұрпақ екенін ескерсек, өзімізге берілген барлық мүмкіндікті толық пайдаланып, еліміздің жарқын болашағы үшін қызмет атқару бізге ата-бабадан қалған мұра екенін жадымызда ұстау керек. Осы міндетті абыроймен алып жүру, жастар үшін басты мақсат деп есептеймін.
«Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ» КЕАҚ заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы Шопабаев Б.А.
Заң факультетінің 3 курс студенті Мақсатбек А.М.