Жастардың ата-ана мен ұстаздарға қыр көрсетуі, үлкендердің тілін алмауы – девиантты мінез-құлықтың алғашқы белгілері болып саналады. Девиантты мінез-құлықты жастар оқуға ынтасы болмай, ішімдік пен шылым шегуге әуес болады. Істерге ісі жоқ адамның бар ойы құмар ойнап, алтын уақытын компьютер клубтар мен букмекерлік кеңселерде өткізеді. Осылайша ортасына сүйкімі қашқан адам өзін қоғамнан алшақтатып жібереді. Жұмыс істеп, еңбек етсем деген ынтасы болмайды.
Жастардың бойындағы девиантты мінез-құлықпен күресудің ең тиімді жолы – олардың жүрегіне өзіне деген сенімді ұялату. Олар өз-өздеріне сенім артқанда қоғамның белсенді мүшесіне айналады. Жастар жағымсыз әрекеттерден жағымды істерді жүзеге асыру арқылы ғана арылатынын есте ұстағанымыз жөн.
Осы орайда девиантты мінез-құлық мәселесін дұрыс шешу үшін арнайы шаралар өткізілді. Соның бірі: Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының «Ashyq Alan» жобасы аясында «Social project mаnаgement орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен девиантты мінез-құлықты жастармен жұмыс жүргізу бойынша семинар-тренингтер .