Елшібек батыр, Аймауытов, Уалиханов көшелерінде жол сызықтары, жаяу жүргіншілер өткелдері жаңартылды. Жұмыстар көлік қозғалысына кедергі келтірмеуі мақсатында түнгі уақытта атқарылуда.
Шымкент қаласында биыл 450 шақырым көшенің жол таңбалары жаңартылып, сызылатын болады. Оның ішінде 250 шақырымы термопластиктен, ал қалған 200 шақырымы акрильді бояумен сызылады. Жалпы бүгінге дейін 100 шақырымнан астам көшенің жол сызықтары жаңартылды.