Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының «Тілге құрмет – елге құрмет» жобасы аясында «Social project managment» орталығы қоғамдық қорының ұйымдастыруымен семинар-тренинг, кездесулер өтті.
Жобаны іске асыру аясында электрондық платформа (telegram-бот) құрылды және оны деректермен толықтырып, қала тұрғындарынан, тіл мамандарынан қажетті ақпараттар жиналды. Telegram-бот сілтемесін әлеуметтік желілер арқылы тарату арқылы жарнамалау жүзеге асырылды.
Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес келмейтін жиналған көрнекі ақпаратты талдау үшін қала көшелері мен кәсіпкерлік объектілеріне (атауы, маңдайшалары, жарнамалары/афишалары/билбордтары, оның ішінде электрондық, мәзір) мемлекеттік тілдегі грамматикалық және орфографиялық қателерді анықтау мақсатында мониторинг жүргізілді. Жобаны іске асыру шеңберінде Алматы қаласы бойынша кемінде 1500 объектіге мониторинг жүргізілді.
Telegram-бот арқылы келіп түскен кәсіпкерлік объектілерінің иелерімен мәтіндерді (теңтүпнұсқалықты) аудару бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, әдістемелік көмек көрсетілді. Әрбір ауданда сандық құрамы кемінде 3 адамнан тұратын мониторингтік топтар құрылды. Мониторингтік топтар көрнекі ақпаратты орналастыру бойынша нұсқаулық әзірлеп, нысан иелеріне, кәсіпкерлік субъектілеріне ҚР «ҚР Тіл туралы» және «жарнама туралы» Заңдарының талаптарын түсіндіру бойынша семинар-тренингтер ұйымдастырылды. Мемлекеттік және орыс тілінде мемлекеттік тілді көпшіліктің қолдануына қол жеткізу бойынша 10 тақырыптық әлеуметтік ролик дайындалды.