1934 жылы еліміздің алдыңғы қатарлы университеті, қарашаңырағымыз әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің іргетасы қаланды. ҚазҰУ-ды еліміздің барлық жоғары білім беру жүйесінің тірегі, білікті мамандар ордасы деуге болады. Университеттің мыңдаған түлектері Қазақстанның және оның аумағынан тыс жерлердегі өндірістің барлық салаларында табысты еңбек етуде. Ғылым мен білімді ұштастырған оқу ордасы қазіргі таңда әлем бойынша алдыңғы қатарлы университеттер тізімінде.Күннен-күнге қарыштап дамыған білім саласынан қара шаңырақ кенде емес,оқытушылар әрдайым ізденіс үстінде. Университеттің ерекше миссиясы-қоғамның динамикалық дамуының негізі болатын ғылым мен білімнің бірігуімен жүзеге асады.Университетте білім беру және ғылым мен ағарту ісінің мұраттарына қызмет етудің, интеллектуалдық еркіндікті іске асырудың, мемлекет пен қоғамның тұрақты дамуына салмақты үлес қосудың, жас ұрпақты тәрбиелеудің өзіндік нормалары бар. Біздің университет классикалық университеттер дәстүрлерін жалғастыра отырып, университеттік білім берудің тұрақты жоғары деңгейін сақтайды. ҚазҰУ-Қазақстанның ағарту, ғылым мен мәдениет көшбасшыларының бірі болып табылады. Демек, бұл жоғары білікті мамандардың тұрақты жоғары деңгейін, ұдайы ғылыми ізденісті, еркіндік, қайырымдылық пен әділдіктің,адамгершілік мұраттарына бағыт алуды білдіреді. ҚазҰУ бүгінгі күні — қарқынды дамып келе жатқан университеттердің бірі әрі бірегейі.Әрбір білім ошағының мақсаты болары анық.Біздің университеттің басты мақсаты-еліміздің қоғамдық өмірі мен ғылымына, заң саласына,экономиканың маңызды бағыттарының қарқынды даму мәселелерін шешуге бағытталған заманауи, жоғары білімді, бәсекеге қабілетті мамандар буынын қалыптастыру. Күннен күнге жаңашылдығы артқан қоғамда ұлттық университетіміз қарқынды дамуда.
Ғылым мен білімнен бөлек студенттердің белсенді өмірі үшін түрлі ұйымдар,кәсіподақтар жұмыс атқаруда. World University Rankings QS (Ұлы Британия) беделді рейтингтік агенттігінің зерттеу қорытындылары бойынша ҚазҰУ 236-орыннан көрініп, әлемнің ең үздік 250 университеті қатарына енді. Осылайша, біздің университет Орталық Азия мен ТМД-дағы теңдессіз көшбасшылығын тағы да дәлелдеді. Сондай-ақ, ҚазҰУ қалашығының тағы бір ерекшелігі — Ө.А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайы. Мұнда Қазақ ұлттық аспаптар оркестрі, көркемөнер үйірмелері, «Біз» студенттер театры бар.
Қорытындылай келе,университеттің ашылуынан бастап, бүгінгі күнге дейін ҚазҰУ Қазақстанның көптеген рейтингтерінде өзінің позициясын сақтап келеді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлектері мемлекеттік аппаратта жоғары қызмет атқарады, мемлекетіміздің барлық салаларында, көптеген танымал компанияларда еліміздің өркендеуі үшін еңбек етуде.
Атаханова Г.М.
Бисенова М.К
Сапарова Т.