1934 жылы еліміздің алдыңғы қатарлы университеті, қарашаңырағымыз әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің іргетасы қаланды. ҚазҰУ-ды еліміздің барлық жоғары білім беру жүйесінің тірегі, білікті мамандар ордасы деуге болады. Университеттің мыңдаған түлектері Қазақстанның және оның аумағынан тыс жерлердегі өндірістің барлық салаларында табысты еңбек етуде. ҚазҰУ – №1 университет! Он жылдан астам уақыт бойы академиялық рейтинг және халықаралық обсерватория (IREG) сарапшылары мақұлдаған ұлттық рейтингте көшбасшы орынға ие болды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО-ның, сондай-ақ сарапшылар мен жұмыс берушілердің ғылыми-білім беру қызметінің кең спектрін көрсететін барлық параметрлер бойынша жоғары баға алды. Ғылым мен білімді ұштастырған оқу ордасы қазіргі таңда әлем бойынша алдыңғы қатарлы университеттер тізімінде.
Күннен-күнге қарыштап дамыған білім саласынан қара шаңырақ кенде емес,оқытушылар әрдайым ізденіс үстінде. Ғылым мен білімнен бөлек студенттердің белсенді өмірі үшін түрлі ұйымдар,кәсіподақтар жұмыс атқаруда. World University Rankings QS (Ұлы Британия) беделді рейтингтік агенттігінің зерттеу қорытындылары бойынша ҚазҰУ 236-орыннан көрініп, әлемнің ең үздік 250 университеті қатарына енді. Осылайша, біздің университет Орталық Азия мен ТМД-дағы теңдессіз көшбасшылығын тағы да дәлелдеді. Сондай-ақ, ҚазҰУ қалашығының тағы бір ерекшелігі — Ө.А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайы. Мұнда Қазақ ұлттық аспаптар оркестрі, көркемөнер үйірмелері, «Біз» студенттер театры бар. Университетте лайықты дәрежеде білім алуға тырысатын әр студент үшін керемет мүмкіндіктер жасалған. Университет Қазақстандағы ең үлкен және ең бай кітапханалардың біріне ие. Әбу Насыр Әл-Фараби музейікітапхананың әрбір қонағы үшін ашық. Қазақ ұлттық университеті өзінің жас ғалымдарына жайлы жатақханалар ұсынатын студенттер қалашығы болып саналады. Университет 5000-нан астам студент тұратын 14 үлкен жатақхананы ұсынады. Қазақстандағы ең үздік деген оқытушылардан заманауи және сапалы білім алғысы келетін, болашақта сұранысқа ие мамандық иегерлері болғысы келетін талапты жастарды қара шаңырақ әрдайым күтеді.
«Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ» КЕАҚ заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы Шопабаев Б.А.
Заң факультетінің 3 курс студенті Тұрсынғали З.А.