Бүгінгі күні мемлекеттік тілді қоғам өмірінің барлық саласына тереңдете енгізу мәселесі үлкен маңыз алып отыр. Соңғы кезде мемлекеттік тілдің өрісін кеңейтуге, оның өркен жайып дамуына ықпал ететін басты-басты қадамдар жасалуда.
Осы бағытта «Тілге құрмет – елге құрмет» жобасы аясында «Social project managment» орталығы қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Алматы қаласында мониторинг мүшелеріне арналған семинар-тренингтер өткізді. Спикер – Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғылыми қызметкері, PhD докторант Қуатбек Дүйсенов.
Семинарда спикер тіл – ұлттың ұлы қазынасы екенін, оны құрметтеу әрбір азаматтың паразы екенін айтты. Тілді дамыту — елдің мемлекеттік саясатының аса маңызды бағыттарының бірі. Жалпы мемлекеттік тіл саясатын толыққанды жүзеге асыру бұл бұқаралық іске айналғанда ғана көздеген мақсатына жете алады.